“Кешке концерт болмайды…” Елордада Наурыз шараларының жоспары туралы айтылды

717
Adyrna.kz Telegram

Елордасы Астанада Наурыз мейрамына орай мерекелік шаралардың жоспары айтылды. Науқан бағдарламасы туралы Астана қаласы, Алматы ауданының әкімі Нұрмат Абдраимов айтты, деп хабарлайды “Адырна” порталы журналист Ақбөпе Тәңірбергеннің видеосына сілтеп.

Журналист Абдраимовтан жоспардағы шаралар туралы сұрады. Аудан әкімі биыл былтырғыдай тегін палау сынды науқандардың болмайтынын айтты.

“Тегін тамақ болмайды. Барлығы ақылы түрде, бірақ қолжетімді бағада. Ал оразаға байланысты ашық жәрмеңкелер мен шаралар түнгі 22:00-ге дейін болады. Алайда, кешкі уақытта құптан намазы мен тарауих намазына байланысты шулы концерттік бағдарлама болмайды. Жұма күні де концерттік бағдарлама жұма намазынан кейін сағат 14:00-ден кейін басталады” деді аудан әкімі Нұрмат Абдраимов.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

 

 

Пікірлер