Қазақстан мен Оңтүстік Корея елдері арасындағы әуе рейстерінің саны артады

1610
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан мен Оңтүстік Корея елдері арасындағы әуе рейстерін арттыру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

«Алматыда Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының авиациялық билігі арасында екіжақты келіссөздер өтті. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Корея Республикасының Азаматтық авиация басқармасының бас директоры Йонг Кук Киммен кездесу өткізді», - делінген хабарламада.

Тараптар елдер арасындағы рұқсат етілген рейстердің жалпы санын аптасына 10-нан 42-ге дейін ұлғайтуға келісті.

Сондай-ақ аптасына 40 жүк рейсін, оның ішінде «әуе еркіндігінің» бесінші дәрежесін пайдалану құқығын беру туралы келісімге қол жеткізілді.

Келіссөздер барысында бағыттар мен белгіленген тасымалдаушылар санына қойылған шектеулер алынып тасталды, бұл бәсекелестікті арттырып, елдер арасындағы ұшу географиясын кеңейтеді.

Тараптар әуе тасымалдаушыларының екі елдің астаналары арасында тікелей әуе қатынасын орнату ниеттерін қолдады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер