Түркістанға барған премьер Ташкенттен бір-ақ қайтты

792
Adyrna.kz Telegram
Фото: uzdaily.uz
Фото: uzdaily.uz

Премьер-министр Олжас Бектенов Өзбекстанға жұмыс сапарымен барып қайты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

14-15 наурыз күндері Өзбекстанда болған Премьер Ташкентте өзінің өзбекстандық әріптесі Абдулла Ариповпен және президент Шавкат Мирзиеевпен кездесті.

Кездесу барысында екі ел арасындағы берік қарым-қатынастың жоғары деңгейде өзара сыйластық пен түсіністік негізінде құрылған стратегиялық ынтымақтастыққа қалай үлгі болатыны талқыланды. Елдер арасындағы сауда өткен жылы 4,5 миллиард долларға жеткен. Үкіметтер бірлескен инвестициялық және өнеркәсіптік жобалар арқылы бұл көрсеткішті арттыруға ұмтылуда.

Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Ариповпен ресми келіссөздер барысында экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, инвестиция тарту, су-энергетика, көлік және мәдениет салаларындағы бірлескен жобалар, сондай-ақ тауарлардың көлемі мен ассортиментін ұлғайту арқылы ауыл шаруашылығы саласын нығайту мүмкіндіктері қарастырылды. .

Олжас Бектенов екі ел басшыларының Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық деңгейін арттыруға қатысты алға қойған міндеттеріне тоқталды.

Еске сала кетейік, 14 наурыз күні Премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды.

Үкімет басшысы алдымен Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде болып, тарихи нысанда жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеу жұмыстарымен танысты. Одан бөлек, бірнеше әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандарды аралап, жаңа жобалардың құрылыс барысын көрді.

Пікірлер