Өзбекстанның Аққорған ауданында 23 жастағы әйел күйеуі мен енесінің ұрып-соғуынан кейін ауруханада көз жұмды. Жәбірленуші ауыр соққыдан кейін комаға түсіп, барлық медициналық көмекке қарамастан, өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, қайғылы оқиғаға байланысты әйелдің күйеуі процессуалдық тәртіпте қамауға
алынған.
Бұл оқиға Өзбекстанда үлкен резонанс тудырып, қоғамда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесін қайта көтерді. Әлеуметтік желі қолданушылары кінәлілерді қатаң жазаға тартуды талап етуде.
Құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жалғастыруда. Тергеу нәтижелері мен сот шешімі алдағы уақытта жарияланбақ.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз