Шапан жапты. Әнші Димаш испан әншісі Пласидо Домингоға сыйлық жасады

2309
Adyrna.kz Telegram
Фото: бейнеден алынған
Фото: бейнеден алынған

Танымал әнші Димаш Құдайберген Пласидо Домингоға ізет көрсетіп, шапан жапты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Қазақстанның халық әртісі, әнші Димаш әлемдік даңқты опера әншісіне құрмет көрсетіп жатқан видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. 

Әнші желідегі видеосына әсерлі жазба қалдырды.

"Қай халықта болмасын, өзінің кіндік қаны тамып, туып-өскен еліне, жеріне деген ыстық ықыласын, терең сезімдерін өлеңге қосып, өз өлкесінің тау-тасын, дархан даласын, аққулы көлін жырламаған өнерпаз кемде-кем. Саф өнері арқылы өз ұлтының үнін, жүректен шыққан тың туындыларын күллі әлемнің алақанында аялата білген 20 ғасырдың үздік опера әншісі Пласидо Доминго атамызға дәстүріміз бойынша шапан жапқан сәттен көрініс. Бүгінгі күн – ертеңгі тарих", - деп жазды әнші Димаш Құдайберген.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген мен Пласидо Доминго Будапештте Virtuosos V4+ жобасының финалында бірге ән шырқаған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Пікірлер