«Жаңа Өзбекстанның тынысы сезілмейді». Президент шенеуніктерді қызметтен қуды

902
Adyrna.kz Telegram
Фото: uzlidep.uz
Фото: uzlidep.uz

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзеев Сырдария облысының Сайхунабад ауданында жиын өткізді.  Мемлекет басшысы жиналыс барысында облыс әкімінің орынбасары, аудан әкімі мен оның орынбасарының қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Fergana агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл шешімге шенеуніктердің облыс тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етіп, табысын арттыра алмағаны себеп болған.

«Сайхунабадта кәсіпкерлік дамып жатқан жоқ. Жаңа Өзбекстанның тынысы сезілмейді», - деген президент жергілікті басшылардың жиналыс өткізгеннен басқа ештеңе білмейтінін сынады.

Пікірлер