Кем дегенде 45 өмірдің қазасы. Қызылағашта апат болған түн

4371
Adyrna.kz Telegram
Фото: voxpopuli.kz
Фото: voxpopuli.kz

14 жыл бұрын 45 адамның өмірін жалмаған Қызылағаш апаты болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

2010 жылы 12 наурызға қараған түні Қызылағаш су қоймасындағы бөгет бұзылып, Қызылағаш ауылын топан су басқан.

Қызылағаш ауылында 2010 жылы шамамен 3,5 мың адам тұрғаны анықталған. Аумақтағы халықтың 80 пайызға жуығы - оралмандар. БАҚ мәліметінше, ауылды су шайғанға дейін Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің облыстық басқармасы Қызылағаштағы су қоймасына қатысты бірнеше ескерту де жасаған болып шықты.

Ал апатты аймақтың тұрғындары бөгеттің деңгейін көрген соң судың артығын ағызып, жағдайды бақылағанда мұндай қайғылы оқиға болмайтынын айтты. Оның үстіне мемлекеттік маңызы бар бөгет жекеменшікке өткен.

45 адамның өмірін жалмаған апат түн ішінде болған. Су қоймасның биіктігі бес метрден асқан. Дәл осы сәтте су тұрғын үйлердің астан-кестеңін шығарып, барлығы топан сумен ағып кетті.  Апат салдарынан Алматы-Өскемен жолындағы көпір бұзылып, пойыз қозғалысы да тоқтатылған.

Қызылағаштағы апатқа "кінәлі" деп Қызылағаш ауылдық округінің сол кездегі әкімі Есет Жүнісов, "Қызылағаш" су қоймасының басшысы, "Шынар" ЖШС директоры Қуаныш Бекеев, су пайдаланушылар арнаулы өндірістік кооперативінің атқарушы директоры Мұхит Жүнісов, Ақсу аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің бастығы Күнібек Байзақов және Алматы облысы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының орынбасары Евгений Ениндер танылып, тұтқынға алынды.

Пікірлер