"Тұйық өмірдің құпиясын" ашқан. Жазушы Бекежен Тілегеновтің туғанына - 90 жыл

1417
Adyrna.kz Telegram
Фото: adebiportal.kz
Фото: adebiportal.kz

Бүгін - жазушы, филология ғылымының кандидаты Бекежан Тілегеновтің туған күні, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Ол 1934 жылы 10 наурызда бұрынғы Семей облысында туған.

Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген студент өз еңбек жолын республикалық газеттен бастаған.

Бекежан Тілегенов "Лениншіл жас" газетінде әдеби қызметкер ретінде еңбек жолын бастаған.

Кейіннен бөлім меңгерушісі, 1965 жылы партиялық жұмысқа ауысып, Алматы қалалық партия комитетінің үгіт және насихат бөлімінің нұсқаушысы болып қызмет атқарды.

«Қазақ совет әдебиетінің интернационалдық дәстүрлері және оның ұлттық негізінің баю жолдары» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап, «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.

Жазушының "Таң нұры" атты әңгімелері, "Көктем де ызғарлы" атты повесі, "Аққайнар", "Тұйық өмірдің құпиясы", "Уақыт"  сынды бірқатар романдары мен көптеген әдеби еңбектері бар.

Жазушы Бекежан Тілегенов "Сексен алтыншы жыл" еңбегінде сол кездегі саяси жүйе, Желтоқсан оқиғасы туралы алғаш жазғандардың бірі.

Ол 1998 жылы өмірден өтті.

Пікірлер