"Дұшпанның ерегіскен алдым датын..."

2101
Adyrna.kz Telegram
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Бүгін қазақ халқының әйгілі палуаны, ақыны, әнші-сазгері және қоғам қайраткері Балуан Шолақтың туғанына 160 жыл толды. 

Балуан Шолақ атымен белгілі Нұрмағанбет Баймырзаұлы  өзінің дене күшімен, өнерімен әрі отаршылдыққа қарсы күресімен танымал болған.

Оның есімін  халық балуандық өнеріне сүйсініп, әрі жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп атап кеткен.

Балуан Шолақ «Ащылы-айырық», «Балуан Шолақ», «Желдірме», «Дікілдек», «Көкшетау», «Қосалқа», «Қос барабан», «Қос перне», «Құлан кісінес», «Кенже қоңыр», сияқты әндердің авторы. Оның халық арасына кеңінен тараған әндері – «Ғалия» мен «Сентябрь». «Ғалия» нәзік сезім дүниесін, мөлдір махаббатты шеберлікпен сыршыл әуенде жырлаған ғашықтық лирикасы.

Музыка зерттеушісі А.В.Затаевич ел арасынан Балуан Шолақтың бірнеше әндін жазып алып, оны «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақтың 500 әні мен күйі» жинақтарына енгізеді.

Сан өнерімен халқын риза етіп, өлкесін сазды әуенімен тербеткен, заманының айтулы сал-серісінің бірі болған Балуан Шолақ Баймырзаұлы 1916 жылы қайтыс болған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер