Ауа райына байланысты. Ұлытау облысында 4 автожол жабылды

771
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Республикалық маңызы бар 4 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

10 наурыз күні сағат 8.00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды.

Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Қызылорда-Павлодар» жалпы ұзындығы 118 шақырым 1 автожол жабылды.

Ал Қостанай облысында Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты жалпы ұзындығы 83 шақырым «Жезқазған-Петропавл» бөлігі жабылды.

(автокөліктің барлық түрлері үшін)

Ұлытау облысында жалпы ұзындығы 543 шақырым болатын "Жезқазған-Петропавл" және "Қызылорда – Павлодар" бөліктері жабылды.

"Осы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарда 265 бірлік техника және 285 адам жұмыс істеп жатыр", – деп жазды ҚазАвтоЖолдан.

Пікірлер