Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың қалған бөлігі қайда жеткізіледі?

1701
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/01/whatsapp-image-2025-01-04-at-12.05.11.jpeg
Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың қалған бөлігі жиналып, жүк көлікке тиелген бейнесі тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Lada.kz-ке сілтеп.
Instagram-да ұшақтың артқы бөлігін алып бара жатқан видео пайда болды. Көлік министрлігі оның қайда жеткізілетінін айтып, түсіндірді.
"Апатқа ұшыраған ұшақтың бөліктері Ақтау қаласы әуежайы территориясында орналасқан ангарға жеткізіледі", - дейді министрлік өкілі.
2024 жылы 25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Қаза тапқандар мен жараланғандар болды.
Комментарии