Грозный әуежайының диспетчері 29 желтоқсанда AZAL ұшағына зымыран тию оқиғасынан кейін "Ковер" жоспарының енгізілгенін растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Turan.az сайтына сілтеп.
30 желтоқсанда ВЧК-ОГПУ телеграм арнасы хабарлағандай, диспетчер Әли Ыдрысов (бұрынғы «Ахмат» футболшысы) тергеуде ұшақтың қону кезінде ПВО жұмыс істеп жатқанын білмегенін айтқан. Ал "Ковер" жоспары туралы ол ұшаққа зымыран тигеннен бес минут өткен соң ғана хабар алған.
Ыдрысов ұшаққа жасалған шабуыл туралы білмегенін және оны құспен соқтығысу деп санап, бұл туралы ұшқыштың сөздеріне сілтеме жасаған.
"Ковер" жоспары туралы ол 08:21-де, яғни ұшақтың зақымданғаны туралы экипаж хабарлағаннан бес минут өткен соң білген.
Сонымен қатар, Ыдрысов ұшаққа радиоэлектрондық соққы жасалғанын да білмегенін айтады.
ВЧК-ОГПУ арнасы 20 желтоқсанда Грозный әуежайы маңына екі «Панцирь» ПВО жүйесі орналастырылғанын хабарлады. Бұл жүйелер дрондарға қарсы қорғаныс әрекеттерін жүргізген. Ұшаққа зымыран тиген кезде үш дронға қарсы оқ ату жүргізілген.
Ұшақ алғаш рет Наур ауданында, әуежайдан 18 км қашықтықта зымыранмен атқыланған.
Сол ақпарат көзінің деректері бойынша, 26 желтоқсанда Рамзан Қадыров Ильхам Әлиевпен сөйлесуге тырысқан, бірақ Әлиев Қадыровпен сөйлесуден бас тартқан. Бұл оқиға Қадыровтың Грозный үстінде дрондарды "сәтті" жойғаны үшін жиенін марапаттағаннан кейін болған.
Ресми Баку Қадыровтың Әлиевке қоңырау шалуы туралы ақпарат берген жоқ, бірақ сол күні Әзербайжан Шешенстаннан ешқандай көмек алмайтынын және қабылдамайтынын жариялады.