Теңіз неге толқыды?

16552
Adyrna.kz Telegram

Атыраудың, дәлірек айтсақ Теңіздің  мұнайшылары көтеріліпті. Бұл жолғы мәселе тұрмыстық кикілжің емес. Қазақ "ауру астан болғанда дау қарындастан" дейді.

Кеше ғана арабтың жігітімен суретке түскен қазақ қызының суреті әлеуметтік желіні шарлап кеткен болатын.

Осы суреттің астына жергілікті намысты жігіттердің атынан деп мәлімдеме жасалыпты.

"Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев мырза, облыс прокуроры Х.Дауешов,ПД басшысы Қ.Үмбетқалиев, аудан әкімі Азамат Бекет, аудан прокуроры Дәурен Медетбеков, ІІ Бөлімі басшысы Марат Тағаниязов, Нұр-Отан, Жастар одағы, қысқасы, осы ауданды билеп отырған барлықтарың, мына нәрсеге мұқият назар аударыңдар! Эли осы уақытқа шейін қанша жазықсыз қазақ жастарын негізсіз жұмыстан шығарумен және орнына ақшамен жаңа жұмысшы алумен шұғылданып келген. Және де ол әрекетін қасындағы жандайшап қазақтардың қолымен жүзеге асырып отырған. Осы қылығы үшін Эли жұмыстан босатылсын, және қара мөр басылып елден қуылсын! Ана суреті үшін ел алдынада, сот алдында кешірім сұрап жауапталсын! Қазақ ұлтынан кешірім сұрап бейнетаспа түсіріп әлеуметтік желіге жарияласын! Элиге қатаң шара қолданылсын!  Дәл осы ұлтараздық мәселесіне байланысты Теңіз түгел көтеріліп кетуі әбден мүмкін! Себебі, бұл уәж намыстан жарылайын деп әрең шыдап жүрген қанды азаматтардың шырылы және қатаң ескертпесі!". Хаттың бұл үзіндісі ғана.

Жергілікті билік мәселенің алдын алудың орнына біреудің кезекті қалжыңы болар деп ойлаған шығар. Бүгін міне, сол қамсыздықтың "жемісін" жеп жатыр.

Араб жігітін ұрудан басталған наразылық, жаппай шет елдік жұмысшыларды ұруға ұласып кетті дейді. Енді жұмысшылар саяси талаптар қойып жатқан көрінеді.

Бірақ, дау қыздан басталғанмен бұның артында үлкен әлеуметтік теңсіздік жатыр дейді Теңізден хабарласқан жігіттер. Қымызымызды ұрттатып, қызымызға қол салдырып қарап отыра алмаймыз. Осы оқиғаға кінәлі жұмысшылар емес, билік. Сондықтан да жергілікті әкім-қаралар жауап берсін деді редакциямызға хабарласқан Әділ есімді жігіт.

Қазір жараланғандарға медициналық көмек көрсетіліп, сырттан келген шет елдік жұмысшылардың қауіпсіздігін күшейтіп жатыр. Қанша адам жараланды, қайтыс болғандар бар ма деген сұраққа жауап іздеп отырмыз.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер