Министр жарылған қабырғалар жайлы айтты

2125
Adyrna.kz Telegram
Фото: Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы
орталық коммуникациялар қызметі
Фото: Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі

Ғылым және жоғары білім министрі Алматыдағы жер сілкінісінен кейін қай жоғары оқу орындарына зақым келгенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі 

Алматыда 4 наурыз күні қатты жер сілкінісі болып, бірнеше оқу орындарының қирағаны туралы ақпарат тараған болатын.

Министр Саясат Нұрбек қатты қираудың болмағанын, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университеті және бірнеше жатақхана ғимараттарында жарықтар пайда болғанын мәлімдеді.

"Біз сейсмикалық төзімділік бойынша қала құрылысы бөлімдерінен арнайы мамандарды шақырып, сараптама жүргіздік. Тірек құрылымдарына зақым келген жоқ. Жарықтар бар, бірақ бұл қауіп тудырады деп айта алмаймыз. Барлық студент дереу шығарылды. Бірнеше пункте өтетін ҰБТ тоқтатылды. Біз барлық сабақты тоқтаттық", - деді министр мәжіліс кулуарында.

Белгілі болғандай жер сілкінісінен кейін пайда болған жарықтарды жөндеу жұмыстарын университеттер өз қаражатына жасамақ. Министр шығын көлемі аз екенін атап өтті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер