Home » Жаңалықтар » Қырымбек Көшербаев Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Қырымбек Көшербаев Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Қырымбек Көшербаев Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.

“Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылсын”, – делінген ҚР Президенті жарлығында. Бұған дейін, Президент Әкімшілігін Бақытжан Сағынтаев басқарған еді.

Ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылды. Қырымбек Көшербаев 1955 жылдың 20 мамырында Қызылорда облысында дүниеге келді.  Ол премьер-министрдің орынбасары, баспасөз хатшысы және Президенттің баспасөз қызметінің жетекшісі болып қызмет атқарған еді. Одан бөлек, Көшербаев білім, мәдениет және денсаулық министрі, білім және ғылым министрі болды. 2000 жылдың соңында ол Батыс Қазақстан облысының әкімі, ал 2003 жылдың қараша айында Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі ретінде қызмет істеген. 2006 жылы 24 қаңтарда Маңғыстау облысының әкімі болды. 2012 жылы Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды. Ал 2013 жылдың 17 қаңтарында Қызылорда облысының әкімі болып қызмет атқарған.

Дереккөз:  https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news

“Адырна” ұлттық порталы

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Баспаналы бол!

Өткен жылдың шілде айынан бастап елімізде «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның шарттары көптеген ...