Қазақстан 1967 жылғы шекарада Палестина мемлекетін құру бойынша ұстанымын растады

1575
Adyrna.kz Telegram

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Палестина-Израиль қақтығысына қатысты ұстанымын білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы СІМ баспасөзіне сілтеп. 

5 наурыз күні Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Палестинадағы жағдайға арналған Ислам ынтымақтастығы ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің төтенше сессиясына қатысты.

Сессия жұмысына ИЫҰ елдерінің, оның ішінде Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Иордания, Иран, Түркия, Марокко сыртқы саяси ведомстволарының басшылары қатысты.

Шара барысында ИЫҰ-ға мүше мемлекеттер Газа секторында атысты дереу тоқтатуға шақырды және Палестина-Израиль дағдарысын тезірек шешу қажеттігін алға тартты.

Мұрат Нұртілеу өз сөзінде Газа секторындағы ұзаққа созылған гуманитарлық апатқа байланысты ерекше алаңдаушылық білдірді.

"Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы көп жылғы қақтығыстың жалғыз шешімі ретінде БҰҰ бекіткен «екі халық үшін екі мемлекет» формуласы негізінде 1967 жылғы шекараларда Палестина мемлекетін құру бойынша Қазақстанның өзгермейтін ұстанымын растады" делінді Сыртқы істер министрлігінің ресми жаңалықтар каналында.

Іс-шара мұсылман елдерінің Палестина халқымен үндестігін және қақтығысты тезірек тоқтату үшін белсенді әрекет етуге ұмтылысын көрсетті.

Пікірлер