Қазақстанда креативті индустрияны дамыту қоры құрылады

1081
Adyrna.kz Telegram
Фото: aikyn.kz
Фото: aikyn.kz

Қазақстанда креативті индустрияны дамыту қоры құрылатын болады. Ол елдегі жетекші шығармашылық және білім беру ұйымдарының қатысуымен қорпоративтік қор ретінде құрылады. Бұл жайында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қор қызметін 4 негізгі бағыт бойынша жүзеге асырады. Идеядан бастап дайын өнім мен қызметке дейінгі барлық кезеңдерді қамтитын болады:

  • Таланттарды анықтау (конкурстар, креатондар, мобильді продюсерлік орталықтар ұйымдастыру, өңірлерде таланттарды іздеу).
  • Жобаларды дамыту (стартаптарды акселерациялау және инкубациялау, коммерцияландыру, инвестиция тарту).
  • Инфрақұрылымды дамыту (хабтар желісін кеңейту, тұрақты арт-алаңдар құру, мемлекеттік мүлікке қол жеткізуді қамтамасыз ету).
  • Экспортқа қолдау көрсету (шетелдік аудиторияға шығу, маркетинг және PR, авторлық құқықты қорғау).

Министр мұндай құрылымдар әлемнің жетекші елдерінде де барын айтады. Ұлыбританияда – Creative England (Креатив Ингланд) қоры, Оңтүстік Кореяда – Creative Korea (Креатив Корея) қоры жұмыс істейді. Бұл қор корей мәдени толқынын дамытудың негізгі операторы саналады.

Қазақстандағы Креативті индустрияларды дамыту қорының бюджеті ұлттық лотерея операторы қызметінен бөлінетін 3% аударым есебінен қалыптастырылады.

«Осыған байланысты «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) базасында венчурлық бөлімше құрылып, инвестицияларды тиімді басқару үшін басқарушы компаниялар пулы тартылады,- деп мәлімдеді Балаева.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер