"Зорлық-зомбылық жасады". Спортшы қызды өлтірген күдіктіге сот үкімі шықты

1431
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Танымал спортшының бойжеткен танымал спортшыны өлтірген, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі "Лада"-ға сілтеп.

Ақтауда 21 жастағы Валерия Шалнованы зорлап, өлтірген күдіктіге сот үкім шығарды.

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты азаматты 22 жылға соттады.

Қайтыс болған қыздың туыстарының айтуынша, айыпталушы өз кінәсін ақыры мойындамай қойған.

"Өкінішке орай, бұл үкім маған жеңілдік бермеді. Себебі ешбір жаза маған баланы қайтармайды. Дегенмен, біз мерзімді әділ деп санаймыз. Мен шындықты білуге көмектескендердің барлығына ризамын. Яғни, біздің адвокаттарға, тергеу бөліміне, бұқаралық ақпарат құралдарына, прокуратураға және судьяға. Бұл адам кінәсін мойындамады, соңына дейін қылмысқа қатысы бар екенін жоққа шығарды. Менің қызымды өзін-өзі өлтірмек болды, ол алкогольді ішіп, аздап жанжалдан кейін өз-өзіне қол жұмсады деп айтуда. Бірақ Валерияның қанынан бір грамм алкоголь немесе дәрі табылған жоқ", - деді қайтыс болған қыздың анасы.

21 жастағы ақтаулық спортшы қыздың денесі былтыр 2 шілдеде табылған. Марқұмның туыстары Валерия Шальнова суицид жасады дегенге сенбей, әділдік іздеген. Алайда кейіннен қоғамдық наразылық туындаған соң полиция бұл істі «Кісі өлтіру» деп өзгертті.

"Сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 2-бөлігінің 99-бабы 3 және 10-тармақшалары және 121-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Бұл кісі өлтіру, сонымен қатар жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық", - деп жазады басылым.

Пікірлер