6 жастағы қызға азғындық жасаған азамат өмір бойына сотталды

1505
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбеде 6 жастағы қызға сексуалдық әрекеттер жасап тиіскен азамат өмір бойына сотталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 6 жасар қыз балаға жасалған сексуалдық әрекетке қатысты үкім шықты. 61 жастағы ер адамның бүлдіршінге көрсеткен азғындық әрекеттері подъездегі бейне бақылау камерасына түскен.

Қылмыскерге қылмыстық кодекстің 121-бабы, яғни  сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері бойынша айып тағылды. Сот оны кінәлі деп танып, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде өтеуге үкім шығарды.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер