Ресей Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне іздеу жариялады

2800
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ulysmedia.kz
Фото: Ulysmedia.kz

Мәскеу соты Украинаның Қазақстандағы бұрынғы Төтенше және Өкілетті Елшісі Петр Врублевскийге іздеу жариялады. Ол өшпенділік туғызатын сөзі үшін қозғалған қылмыстық іс аясында сырттай қамалмақ. Бұл туралы ТАСС жазды, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы.

Агенттіктің мәліметінше, украиналық дипломатқа федералды және халықаралық іздеу жарияланған.

«Алдын ала тергеу органы РФ Қылмыстық кодексінің 282-бабы 2-бөлігінің «а» тармағында көзделген қылмысты жасады деп сырттай айыпталған Петр Юрьевич Врублевскийге қатысты қылмыстық істі тергеу аясында (өшпенділік тудыру немесе араздық, сондай-ақ адамдық қадiр-қасиетiн қорлау) украин дипломатын федералдық, содан кейiн халықаралық іздеуге беру туралы қаулы шығарды. Бұдан басқа, Мәскеу соты Украина азаматы Врублевскийге РФ аумағына экстрадицияланған кезден бастап немесе айыпталушыны РФ аумағында ұстау сәтінен кейінгі кезеңді есептей отырып, екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы тергеудің өтінішін қанағаттандырды», - деді агенттікке соттағы ақпарат көзі.

Украинаның экс-елшісін сырттай қамауға алу туралы шешім қабылдаған Мәскеудің Басман сотының деректер базасында көрсетілгендей, тиісті шешімге шағым әлі түскен жоқ.

Айта кетсек, Ресей Қылмыстық кодексінің бұл бабының санкциясы алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер