Мәжіліс төрағасы Ресейге барды

800
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Ресейге ресми сапармен барды. Бұл туралы төменгі палатаның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Бұған дейін 4-5 наурыз күндері Қошанов Мәскеу және Қазан қалаларына барады деп жоспарланған.

Мәскеуде Ресей Федералдық жиналысы Мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володинмен және Ресей Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен екіжақты кездесулер өтеді.

Қазанда мәжіліс төрағасы Татарстан басшысы Рустам Миннихановпен және Татарстан Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Фарид Мухаметшинмен кездеседі.

Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жоспарлар, сондай-ақ өңіраралық экономикалық ынтымақтастық пен өзара мәдени-білім беру мәселелерін талқылайды.

Пікірлер