Мереке қарсаңында қай өңірдің көпбалалы аналары біржолғы төлем алады?

4863
Adyrna.kz Telegram
фото: Inbusiness.kz
фото: Inbusiness.kz

Көпбалалы аналар мереке қарсаңында біржолғы төлем алады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бірақ бұл Қазақстанның барлық өңірін қамтымайды.

Қарағанды, Теміртау, Приозерск, Осакаров және Шет аудандарында мерекеге орай төрт және одан да көп баласы бар аналарға және «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталғандарға арнайы ақша аударылмақ.

Яғни, Қарағанды облысында мереке қарсаңында халықтың әлеуметтік осал топтарына кіретін 21 861 аналар біржолғы төлем алатыны белгілі болды.

Балқашта көпбалалы аналар, Құрметті азаматтар, тыл еңбеккерлері, ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдар, еңбек ардагерлері, белсенді емес тыл еңбеккерлері, мүгедек балалар, белсенді емес жалғыз тұратын әйелдер, қайтыс болған ҰОС ардагерлерінің әйелдеріне төлем аударылмақ.

Ал облыстағы Абай ауданы мен Бұқар жырау аудандарында ХӘОТ, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, мүгедектерге, зейнеткерлерге, түрлі саладағы қызметкерлерге, "Алтын алқа", "Күміс алқа" иелеріне бөлінеді.

Ақтоғай ауданында төрт және одан да көп баласы бар көп балалы аналарға, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға, аз қамтылғандарға, мүгедектерге, зейнеткер-әйелдерге қаржы беріледі.

Нұра ауданында аз қамтылған, көпбалалы аналар, жастар біржолғы қолдау алады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер