Қарағанды облысы Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жаңа деңгейге көтерілуде. Өңірде 300 мыңға жуық жұмысшы маман еңбек етеді, бұл облыстың экономикалық әлеуетін айқындайтын маңызды көрсеткіш.
Әлібек Әлденейдің сөзінше, өңірде барлығы 52 колледж жұмыс істейді. Қазіргі таңда бұл оқу орындары сегіз негізгі бағыт бойынша кәсіби маман даярлауға бейімделуде. Атап айтсақ, білім беру, құрылыс, энергетика, IT және байланыс, тау-кен өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау және ауыл шаруашылығы салалары қамтылған.
Сонымен қатар, Теміртау мен Қарағандыдағы екі политехникалық колледжді халықаралық аккредиттеуден өткізу жоспарда бар. Бұл студенттерге әлемдік стандарттарға сай білім алып, кәсіби біліктілікті жетілдіруге мүмкіндік береді.
Биыл колледждерге арналған гранттар саны 1100-ге артты, ал студенттер саны 9200-ге жетті. Оқу бағдарламаларына кәсіпорындардағы практикалық сабақтар мен шеберлік сыныптары енгізілуде. Бұл студенттердің теориялық білімдерін өндірістік тәжірибемен ұштастыруына ықпал етеді.
Мемлекет қолдауы жұмысшы мамандықтарды дамытуда үлкен рөл атқаруда. Аймақтағы кәсіби кадрлар ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосып, ұлттық экономиканың тірегіне айналмақ. «Еңбек түбі – береке» деген қағида осы бастамалардың басты ұстанымы болмақ.