“Әскерилерге жағдай, әскерге құлшыныс”: Қарулы күштердің хал-ахуалы қандай?

778
Adyrna.kz Telegram

2019 жылдан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі қорғаныс күшінің материалдық базасының маңызын ұғындыруды көздеп, әскери қызметті дамытуға ден қойған еді. Ал басты мақсат әскерді өз ісіне мығым, адал, жоғары санатты қызметкерлер мен офицерлермен қамтамасыз етуге негізделді. Заманауи әрі Жаңа Қазақстан үшін бұл қалай да орындалу керек мақсатқа айналды.

Шаралардың басы мектептегі оқушылардың әскерге деген құлшынысы мен қызығушылығын арттырудан, жастарды әскерге бейімдеуден басталған. Бұл мемлекеттің қорғаныс күшін нығайтып,  алпауыт әрі тұрақты, әскер құрып, өскелең ұрпақтың патриоттық сезімдерін еселеп арттыруға бағытталған.

Негізі әңгімені алдымен мынадан бастаған дұрыс. Әскери қызметке деген құлшынысты арттырудың бірден-бір жолы - осы саланың қызметкерлері үшін қоғамдық баспалдақтарды құру. Яғни әрі қарай кәсіби және жеке дамуға, қоғамдық жоғарғы статус пен жақсы жалақымен, сыйақымен қамтамасыз ету қажет. ҚР Қорғаныс министрі бұл жағдайды бақылауында ұстап отырғаны анық. Ал Президентіміздің 

"2023 жылдан бастап әскери ұшқыштардың, педагогтердің, әскери медицина қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 60%-ға артады. 2024 жылы әскери шен үшін берілетін қаржы 30%-ға көбейеді", - дегені осыған дәлел.

Тағы да әскери қызметкерлердің зейнетақы мәселесі де қаралып жатқанын айта кетті.

Әскердің маңызын арттыра түсетін тағы бір фактор - кәсіби бәсекелестік. Бұл осы саладағы білім мен ғылымның дамуымен тікелей байланысты. Ең алдымен бұл проблемада Ұлттық қорғаныс университеті мен 3 әскери институттың жағдайы есепке алынады. Мәселен, соңғы 20 жылда бұл жерден 70 мың адам жоғары санатты маман түлеп ұшқан. Әскери мамандықтарды алуға деген қызығушылық үнемі мектептердегі материалдық-техникалық базалардың жаңартылуынан, заманауи құрылғылармен қамтамасыз етілуінен, әскери-техникалық мамандықтардың көбеюінен туындайды. Тіпті бұл салада шетелдермен тәжірибе алмасатындай үлкен мүмкіндік бар. Ал кадрлардың потенциалын бағалау арқылы жаңа талапты құрамды және олардың қаншалықты маңызды мамандар екенін анықтауға болады. Әсіресе, жиі өтетін халықаралық әскери ойындарда еліміздің құрамы ерекше белсенділік танытып, үздік ойын көрсетуде. Мәселен, Халықаралық әскери ойындарында "Танк биатлоны", "Адал дос" сияқты кезеңдер мен конкурстар бар.

Жастар арасында осындай шаралардың қатарына "Жас сарбаз" әскери-патриоттық клубын, Smart Sarbaz үйірмесін айтуға болады. 250 мыңға жуық бала осындай шараларға белсене қатысып жүр. Ал ең үздігі "Айбын" республикалық жастар жиынында өз жетістіктерін көрсете алады.

Жастардың әскерге баруы үшін мемлекет тарапынан бірнеше жеңілдіктер де жасалуда:

- сарбаздардың дарынын ашу үшін олар өздері қызыққан әскери мамандықты оқытады;

- түрлі льготтар (кредитті каникулдар);

- әскерге барғандар екі жыл көлемінде ҰБТ-сыз ЖОО-ға түсе алады.

Мәжіліс депутаттары осыған тағы да әскерге деген қаржылай қолдауды арттыру керек деп есептейді.

Айдос Сарым "Мектеп, университет, қоғамның қорғаныс күштерімен байланысын арттыруды көздейтін заң болмақ. Біз арнайы әскери ұйымдардың бар екенін білеміз, бірақ олардың алдағы уақытта жүйеге айналғанын көздеп отырмыз. Мектептегі оқушылардан бастап өз қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын алғашқы әскери дайындықтардың болғанын қалаймыз", - дейді.

Барлық жағдай, шара қолға алынып, жасалынып жатыр. Жеңілдіктер де жетерлік. Енді тек "елім дейтін, жерім дейтін" сарбаздар көбейсе болды.


Фото: Егемен Қазақстан 

Пікірлер