Байден Газа секторына гуманитарлық көмек жіберетінін айтты

767
Adyrna.kz Telegram

АҚШ президенті Джо Байден Газа тұрғындарына әуеден азық-түлік көмегін жібермек. Израиль секторға көмек көрсету үшін қосымша құрлық өткелдерін ашуға қарсылық білдіруде, - деп хабарлайды “Адырна” порталы CNN арнасына сілтеме жасап.

Сопақ кабинетінен (АҚШ президентінің жұмыс бөлмесі) сөйлеген Байден Газаға көмек көрсету үшін «қолдан келгеннің бәрін жасайтынын» айтты.

АҚШ-тың әуе кемесі арқылы көмек беру туралы мәлімдемесі бейсенбі күні Израиль әскерлерінің солтүстікте азық-түлік қабылдап алмақ болған адамдарға оқ жаудыруы салдарынан жүзден астам адам қаза тапқан Газа секторындағы ауыр жағдайға қатысты туындап отыр.

«Жүк жүргізушілері аймақтан кетпек болғанда абайсызда адамдарды қағып кетіп, одан да көп адам қаза тауып, жарақат алды», - деді куәгерлер CNN телеарнасына.

Пікірлер