Құран аяты деп түсінген. Пәкістанда көйлегіндегі жазу үшін халық әйелдің басын шаппақ болды

904
Adyrna.kz Telegram
Фото: ВВС| instagram.com/shalik_riyadh
Фото: ВВС| instagram.com/shalik_riyadh

Пәкістанның Лахор қаласында ондаған адам әйелдің  көйлегіндегң арабша жазуды Құран аяттары деп қателесіп, шабуыл жасаған. Ашуға булыққан халық әйелдің басын алмақ болды. Бұл туралы BBC жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, көйлекте араб тілінде "халуа", яғни "тәтті" деген бір ғана сөз болған.

Пәкістан полициясының хабарлауынша, жексенбі күні Пенджаб провинциясының астанасы Лахор қаласындағы мейрамханалардың бірінде тұтынушы әйелдің маңына бірнеше ер адамның жиналғаны туралы хабар келіп түскен. Полиция қызметкері Сейда Шехрбано ғимараттың жанынан 300-ге жуық адамды көргенін айтады.

Әлеуметтік желілерде бірнеше видео жарияланды. Бейнежазбада мейрамхананың бұрышында бетін қолымен жауып, қорқып тұрған әйелді анық көруге болады. Тағы бір видеода әйелді полиция қызметкерлері қоршап, қалың топтан қорғап, үстіндегі жазуы бар көйлегін шешуді талап етеді.

Тіпті, адамдардың Құдайға тіл тигізген әйелдің басын кесуді сұрағаны көрсетілген.

Айта кетсек, Пәкістан заңы бойынша Құдайға тіл тигізген адам өлім жазасына кесіледі.

Полиция қызметкері мейрамхананың кіреберісінде тұрып, адамдарды тыныштандыруға тырысқан, кейін әйелді өздерімен бірге алып кеткен. Жиналғандар арасында Пәкістанның өте консервативті исламшыл партияларының бірінің жақтастары болған.

Құдайға тіл тигізді деген күдікке ілінген әйел полиция бөлімшесіне жеткізілді. Онда шақырылған бірнеше ислам дінтанушылары оның киіміндегі мәтіннің Құранға еш қатысы жоқ екенін растады.

Полиция тіпті ислам ғұламаларынан әйелдің кінәсіздігін растайтын бейне хабарлама жазуды сұрады. Ал әйелдің өзі болған оқиға үшін кешірім сұрады.

"Менің жаман ниетім болған жоқ. Мұным қате болды. Бірақ болған жағдай үшін кешірім сұраймын. Мұндай жағдай қайталанбас үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын", – деді әйел.

Ол өзінің діндар мұсылман екенін және Исламды қорлайтын ештеңе жасамайтынын айтты. 

Пікірлер