Директор жұмыстан қуылды. Алматы қаласындағы мектептердің бірінде оқушылар тапталып қалған

1765
Adyrna.kz Telegram

Алматыда №41 мектептің директоры желіде тараған мектеп гардеробындағы келеңсіз жағдайдан кейін жұмыстан босатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеп. 

«27 ақпанда екінші ауысымнан кейін бірінші қабатта орналасқан мектептің киім ауыстыратын бөлмесінде бір топ оқушылар тапталып қалды. Оқиғаға көрсетілген күні оқушылардың киім ауыстыру тәртібі дұрыс қадағаланбауы себеп болды. Бұл мектепте бұрын соңды мұндай жағдай болған емес. Мектеп әкімшілігінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Оқу үдерісін ұйымдастыруға бақылауды әлсіреткені үшін мектеп директоры қызметінен босатылды», - деп хабарлады білім басқармасы.

Аталмыш мектепте екі ауысыммен 1426 оқушы білім алады, жобалық саны 870 орын.

«Бұл мектепте орын тапшылығын шешу үшін 2023 жылы «Самғау-2» шағын ауданында 2 мың орындық жайлы мектептің құрылысы басталды», - деп хабарлады білім басқармасынан.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

 

Пікірлер