ҚР Премьер-министрінің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

1043
Adyrna.kz Telegram
Фото: primeminister.kzс
Фото: primeminister.kzс

Премьер-министр Олжас Бектеновтың баспасөз хатшысы болып Диляра Аленова тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Диляра Аленова еңбек жолын 2014 жылы журналист болып бастаған. Осы жылдар ішінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетінде, «Қазконтент» АҚ-да қызмет етіп, ҚР премьер-Министрінің баспасөз қызметінде жұмыс істеді.

«Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ басшысы, Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының байланыс тәжірибесі бөлімінің бастығы, Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі қызметтерін атқарған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер