Шаруашылық аумақтарда киік аулауға рұқсат берілмек

3356
Adyrna.kz Telegram
Сурет: mir24.tv
Сурет: mir24.tv

Шаруашылық аумақтарда әуесқой аңшыларға киік атуға рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі тиісті құжатты әзірлеп жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы 24.kz телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Министрлік мүдделі мемлекеттік органдар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдармен бірге мәселені талқылап, әуесқой аңшылық саласындағы 5 нормативтік-құқықтық актіге өзгерістер енгізбек.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бас сарапшысы Ерік Жұмановтың айтуынша, киік аулауға шаруашылық аумақта ғана рұқсат беріледі және аңшылық кезіндегі лимит мөлшері әр шаруашылықтағы жануар санына сәйкес анықталады.

Былтырғы жылы елдегі бөкен саны 2 млнға жуықтаған, бірақ шаруалар жануарлар санының көбеюі ауыл шаруашылығына зиян келтіргенін айтып, дабыл қаққан еді. Нәтижесінде, өткен жылы 30 мың киік ауланған.

Осы жылғы жұмыстар 10 қаңтар–10 ақпан аралығында жүргізіліп, бір ай ішінде 13 мыңнан астам жануар қарауылға іліккен. Министрлік өкілінің айтуынша, былтыр 630 тонна киік етінің бір келісі 315 теңгеден ет комбинаттарына тапсырылса, биыл келісі 500 теңгеден қабылдануда.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер