Financial Times: ЕО-ның Ресейге қарсы 13-ші санкциялар пакеті Қазақстан компанияларына әсер етеді

1020
Adyrna.kz Telegram
Фото: Sean Gallup/Getty Images
Фото: Sean Gallup/Getty Images

Еуропалық Одақтың Ресейге қарсы жаңа, 13-ші санкциялар пакеті жарияланды. Ол алғаш рет «Мәскеудің әскери әрекеттерін қолдады» деп айыпталған қытайлық және үнді компанияларына бағытталған. Бұл туралы  The Financial Times жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық портплы.

Басылым мәліметіне сәйкес, санкциялар материктік Қытайдан үш компанияға және Үндістаннан бір компанияға әсер етеді. Сонымен қатар, олар Шри-Ланка, Түркия, Таиланд, Сербия және Қазақстан кәсіпорындарына қарсы бағытталады.

«Сауда шектеулерін енгізу осы компаниялардың Ресейге қару-жарақ, оның ішінде электроника мен микрочиптерді өндіру үшін қолданылатын жабдықтарды жеткізудегі көмегін анықтағаннан кейін жоспарлануда», - делінген мақалада.

Онда нақты қандай компаниялар екені көрсетілмеген. Жалпы, басылымның мәліметінше, шектеулер 200-ге жуық жеке және заңды тұлғаларға әсер етеді.

Сондай-ақ, ЕО шенеуніктері  өткен аптадағы  ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың өліміне жауап ретінде қосымша санкциялар кезеңін талқылап жатыр.

“Еуроодақ елшілері бір күн бұрын қол жеткізген келісім санкциялар пакетін 24 ақпанда Украинада соғыс қимылдарының басталғанына екі жыл толуына орай ресми түрде бекітуге мүмкіндік береді”, деп хабарлайды басылым.

Өткен жылдың күзінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға сапары кезінде Астана Батыс елдері Ресейге салған санкциялық режимді ұстанатынын айтқан. Ағымдағы жылдың қаңтарында республиканың Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев соңғы жарты жылда Қазақстанда санкциялық режимді бұзатын бірде-бір компания анықталмағанына сендірді.

Пікірлер