Қазақстан Сыртқы істер министрі Қытай елшісін қабылдады

864
Adyrna.kz Telegram
Фото: gov
Фото: gov

Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны қабылдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Кездесу барысында Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының мәселелері талқыланып, оны одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы жоспарланған аса жоғары және жоғары деңгейдегі екіжақты сапарлар мен іс-шаралар кестесін қарастырды. Көпжақты құрылымдар шеңберіндегі елдердің өзара іс-қимылына бөлек назар аударылды.

Министр сауда-экономикалық байланыстарды арттыру бойынша бірлескен күш-жігерге ерекше назар аударды. Атап айтқанда, екі ел арасындағы транзит-көліктік ынтымақтастықты дамытудың және Қазақстанның Қытайға шикізаттық емес экспортын арттырудың маңызды рөлі аталып өтті.

Ал Қытай елшісі көтерілген мәселелердің маңыздылығын айтып, қытайлық тараптың аталған сұрақтар бойынша белсенді өзара ықпалдасуға дайын екенін білдірді. Ол Қытайдың Қазақстандағы елшілігі ағымдағы жылы жоспарланған іс-шараларды ойдағыдай ұйымдастыру мақсатында тығыз әрекеттесуді жалғастыратынын хабарлады.

Пікірлер