Түркияда Ердоған мен Зеленский кездесті

1158
Adyrna.kz Telegram
Фото: Anadolu ajancy
Фото: Anadolu ajancy

18 ақпан күні Анкарада Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесу өткізді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Anadolu агенттігінің мәліметінше, келіссөз басталмас бұрын Ердоған украиналық әріптесін Президенттік кешеннің кіреберісінде қарсы алды.

Екі елдің лидерлері Түркия мен Украина туының алдында естелік фотоға түсті. Кездесу баспасөзден жабық түрде өтті.

Түркия тарапынан келіссөздерге сыртқы істер министрі Хакан Фидан, ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гюлер, Президент әкімшілігінің байланыс басқармасының басшысы Фахреттин Алтун және президенттің сыртқы саясат және қауіпсіздік мәселелері бойынша бас кеңесшісі Акиф Чагатай Кылыч қатысты.

Екіжақты кездесуден кейін мемлекет басшылары делегация мүшелерімен бірге кешкі асты ішті. Сондай-ақ ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қою рәсімі мен президенттердің бірлескен баспасөз мәслихаты болды.

Алдымен, Түркияның ұлттық білім министрі Юсуф Текин мен Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига екі ел арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Ал екінші келісімде Түркия Республикасының Президенттік әкімшілігінің байланыс басқармасы мен Украина Мәдениет және стратегиялық коммуникациялар министрлігі арасында БАҚ және коммуникациялар саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер