Инфекцияға Қазақстанды айыптаған Тәжікстанда сиырлар карантинге алынды

1841
Adyrna.kz Telegram
Фото:  Аsian24news
Фото:  Аsian24news

Тәжікстанда ірі қара мал жаппай сібір жарасына шалдығуда, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Аsian24news-тың хабарлауынша, инфекциядан 127 бас мал өлген. Фермерлік шаруашылықтарда толық карантин енгізіліп, ірі қараға күтім жасалуда.

Ал саясаттанушылар сібір жарасын бүгінде америкалық биолаборатория жұмыс істейтін Қазақстаннан келген болуы мүмкін екенін айтады. Себебі 2023 жылдың жазында Қазақстанның бірқатар облыстарында жалпы 12 миллион доллар шығын келтірген инфекция тарағаны да тәжік саясаттанушыларының назарынан тыс қалмаған.

Қазақстанда жануарларды жаппай вакцинациялаудан кейін сібір жарасының тарауы тоқтаған.

Қазіргі уақытта Тәжікстан бойынша ветеринарлық мониторинг жүргізілуде. Өзбекстаннан вакцинаның 200 мың дозасы жеткізілді.

Айта кетейік, Қазақстан үкіметі Тәжікстан таққан айыпқа жауап бермеді.

Пікірлер