«Қазақфильм» биыл 9 картинаның тұсауын кеспек

812
Adyrna.kz Telegram

Биылғы жылы «Қазақфильм» 9 картинаның тұсауын кеспек, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Кеше, 16 ақпан Шәкен Аймановтың 110 жылдығына орай “Қазақфильм” Ұлттық киностудиясында жаңа маусымның тұсаукесері өтті.

Сондай-ақ маусымның ендігі салтанатты ашылуын жыл сайын Шәкен Аймановтың туған күнінде өткізу туралы шешім қабылданды.

“Бүгінгі шараның мақсаты – біздің биылға біржылдық бағытымызды анықтап беру. Салыстырмалы түрде айтсақ, былтыр “Қазақфильм” бір кино түсірген жоқ. Биыл 9 кино түсіреді. Бірінші рет тарихта осындай болып тұр: «Қазақфильм» бес киножобаны біртиынсыз түсіреді. Елге көрсеткіміз келеді. «Қазақфильм» де осындай дүние жасай алады. Ол жыл сайын өсе береді. Биыл 9 болса, келесі жылы 15-ке жеткізуге тырысамыз”, - деді киностудия басшысы Азамат Сатыбалды.

Айта кетейік, жоспардағы фильмдердің бесеуі коммерциялық болса, қалған төртеуі мемлекеттік қолдауға ие болған.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер