"Шабуыл жасаймын". Қостанайда жалған ақпарат таратқан адам анықталды

965
Adyrna.kz Telegram
Фото: aikyn.kz
Фото: aikyn.kz

Қостанайда мектептерге "шабуыл жасаймын" деп жалған ақпарат таратқан адамның кім екені анықталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Елді дүрліктірген адам 10 жастағы бала болып шықты.

Қостанай облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан адам анықталған.

"Әлеуметтік желіде террорлық әрекет тақырыбындағы жарияланымды көрген ол мәтінін көшіріп алған. Сосын оған фото қосып, монтаждаған. Кейін WhatsApp арқылы сыныптастарына таратқан. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқушының ата-анасы ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікті арқалайды", - делінген хабарламада.

Әлеуметтік желіде 15 ақпан күні Қостанай мектептерінде атыс ұйымдастырылатыны туралы хабарлама тарап, көпті дүрліктірген болатын.

Енді балақайдың ата-анасы да сот алдында жауап береді.

Пікірлер