Солтүстік Корея қанатты зымырандарын ұшырды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
КХДР елдің шығыс жағалауынан Жапон теңізіне қарай бірнеше снарядтарды ұшырып, қанатты зымырандарды сынақтан өткізді.
Алдын ала ақпарат бойынша жергілікті уақытпен таңғы 9:00 шамасында зымырандарды ұшыру жұмыстары басталған.
"Бүгін, 14 ақпанда, шамамен 9.00 (Астана уақытымен 6.00) Солтүстік Кореяның Жапон теңізінің солтүстік-шығыс аймағынан бірнеше қанатты зымырандарды ұшыруы тіркелді", - делінген Оңтүстік Кореяның Біріккен штаб бастықтарының хабарламасында.
Еске сала кетейік, КХДР бірнеше уақытта бесінші қанатты зымыран сынағын жасады.