Украина президенті Владимир Зеленский Борис Патон атындағы Ұлттық сыйлықты тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзінде Украинада жаңа "Рута" зымыранын сынау сәтті түрде жалғасып жатқанын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Украинская правда" басылымына сілтеме жасап.
"Паляница" зымыраны жаппай өндіріске енді. "Ад" зымыран-дронынын алғашқы қолдану сәтті өтті. Қорғаныс күштерімізге алғашқы партиясын тапсырдық. Жаңа "Рута" зымыранының сынақтары сәтті жүріп жатыр. Жақын арада ұзақ қашықтықтағы "Нептун" оккупанттар үшін қорқынышты шындыққа айналады" - деді Украина президенті.
Сонымен қатар ол украиналық дрондардың қолданысқа енгізілгенін алға тартып, олардың Украинаға бейбітшілік әкелетінін айтты.
"Гор" барлаушысы, "Вампир" және Heavy shot түнгі бомбалаушылары, FPV-"Колибри" және "Камик" дрондары, FPV – Darts ұшақтары - Украинаның жетістіктері. Мұның бәрі украин өндірісі. Барлығы белсенді түрде қолданысқа енгізілді. Бұл Украинаға күш беретін нәрсе. Бұл бізді, украиндарды, қорғауды қамтамасыз ететін нәрсе. Бұл бізге, мен сенемін, әділ бейбітшілік әкелетін нәрсе" - деді Зеленский.