Париж көрген қазақы тазыларға ат қойылды

922
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Франция Президенті Эмманюэль Макронға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыйлаған қазақы тазының екі күшігіне ат қойылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Былтыр қараша айында Мемлекет басшысының шақыруымен Астанаға сапармен келген Франция Президенті «Этноауыл» көрмесін аралап көріп, қазақ халқының бай мәдени мұрасымен танысқан еді. Көрме орталығын тамашалау барысында Эмманюэль Макронға қазақы тазының тұқымы ерекше ұнаған болатын. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев франциялық әріптесіне тазы сыйлауға уәде берген еді.

Кейін Парижге қазақы тазының бес айлық екі күшігі жеткізілді. Қос тазыны француз ветеринарлары тексеріп, уақытша карантинге жіберді. Сондай-ақ Франция тарапына күшіктерді тамақтандыру және үйрету жөніндегі нұсқаулық берілді.

"Тазы күшіктеріне Жюль және Жанна деген жарасымды есім берілгені мәлім болды. Күшіктер Макрон отбасының Немо есімді қара лабрадорымен "достасып" үлгерген. Айтпақшы, бұл итті ерлі-зайыпты Макрондар 2017 жылы жануарлар паналайтын жерден асырап алған", - делінген БОРТ N1 Telegram каналындағы хабарламада.

 

Пікірлер