Депутат тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер “тілінен табатынын” айтты

1899
Adyrna.kz Telegram

«Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігі туралы» заң жобасының таныстырылымында Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев кейбір жағдайларда жәбірленушілердің өздері зорлық-зомбылық тудыруы мүмкін деген пікір білдірді,деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев әйелдер құқығын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасын қолдайтынын айтты.

"Әйелге ең жаман еркектер ғана қол көтереді. Бірақ барлық жанжал ұрып-соғу мен төбелестен туындамайды. Еркектерді де түсіну керек. Жанжал неден басталады? Әрине, әйелдің тілі ұзын болғандықтан. Әйелдер мені кешірсін, бірақ мұндай фактілер де бар. Қазақта мынадай жақсы мақал бар: "Жақсы әйел – ырыс, жаман әйел – ұрыс" дейді. Сондай-ақ "Ерге жақсы әйел – елге де жақсы" дейді. Өкініштісі, барлығымыз қазақы тәрбиеден алшақтап жатырмыз", – деді Анас Баққожаев.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха оны қолдамайтынын айтты.

"Тіпті әйелдікі дұрыс болмаса да физикалық емес, басқа жолдар арқылы шешуге болады. Қандай себеп болғанына қарамастан, егер ол жарақаттанса, кінәлі адам жауап беруге тиіс. Кімнің кінәлі екенінде қандай айырмашылық бар. Қылмыс жасалса, қылмыскер жауапқа тартылуы керек", – деді Игорь Лепеха.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Пікірлер