Семейде тұрғын үйден өрт шығып, 15 адам құтқарылды

1778
Adyrna.kz Telegram

Семейде 5 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, құтқарушылар 15 адамды эвакуациялады. Одан бөлек газ баллоны шығарылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2 ақпанда сағат 18.10-да өрт сөндіру қызметіне 410-блокта өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Құтқарушылар бес қабатты тұрғын үйден баспалдақ арқылы 15 адамды, оның ішінде үш баланы эвакуациялады, сонымен қатар бір газ баллонын шығарды», - делінген хабарламада.

Балкондағы тұрмыстық заттар, терезе және есік блоктары 6 шаршы метр аумақта жанып кеткен.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 16 адамы мен 5 техника жұмылдырылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер