Жаппай соқтығысқан көліктер. Жамбыл облысында жол апатынан 25 адам зардап шекті

986
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысында бірнеше көлік соқтығысқан жол көлік оқиғасы салдарынан 25 адам зардап шекті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"31 қаңтар күні сағат 10.47 – де Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылының маңында "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" Республикалық маңызы бар автожолының 567 шақырымында ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ, жол көрінісінің нашарлауы, боран) 26 автокөліктің (төрт жолаушылар автобусы, төрт жүк автомашинасы және жеңіл автомобильдер) қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Оқиға салдарынан қаза тапқандар жоқ. Б. Момышұлы ауылының орталық аудандық ауруханасына 25 адам жеткізілді",-деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі.

Деректерге сүйенсек, зардап шеккен 25 адамның төртеуі реанимацияда, олардың арасында балалар да бар.

"Тараздың 593-534 км-ге дейінгі автожолы екі бағытта да жабық. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде, оқиғаның егжей-тегжейлері анықталады. Жамбыл облысының ПД Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады, әсіресе ауа райы қолайсыз болған жағдайда жүргізушілерді сақ болуға шақырды", - деп толықтырды полиция қызметкерлері.

Пікірлер