Илон Маск адам миына чипті сәтті имплантацияланғанын хабарлады

1169
Adyrna.kz Telegram

Америкалық миллиардер әрі кәсіпкер, SpaceX және Tesla компанияларының негізін қалаушы Илон Маск X әлеуметтік желісіндегі парақшасында бірінші адамның миына Neuralink имплантын орнату процедурасы өткенін мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оның айтуынша, құрылғының жұмысы жақсы нәтижелер көрсетуде.

"Бірінші адам кеше Neuralink-тен имплант алды және отадан кейін сауығып келеді", - деп жазды миллиардер өз парақшасында.

2023 жылдың қыркүйегінде америкалық кәсіпкер Илон Масктың нейротехнологиялық компаниясы Neuralink импланттарды миға орнату имплантациялау бойынша клиникалық сынақтар үшін еріктілерді іздей бастаған болатын.

Neuralink 2016 жылдан бері жұмыс істейді, оның мақсаты - ми мен жұлын жарақаттарының салдарын жоюға көмектесетін чип жасау, осылайша сал ауруына шалдыққан адамдар қайтадан қозғала алады.

2021 жылдың ақпанында Маск маймылдың миына чиптің сәтті имплантацияланғанын жариялады; сәуірде компания маймылдың «ой күшімен» бейнеойындар ойнап жатқанын көрсетті. Ал 2023 жылдың 26 ​​мамырында Neuralink FDA-дан адам бойындағы алғашқы клиникалық сынақты өткізуге рұқсат алғанын жариялаған еді.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер