Көлік жүргізбейтін Трамп Tesla сатып алды

1167
Adyrna.kz Telegram
Фото: BBC
Фото: BBC

АҚШ президенті Дональд Трамп Tesla компаниясының бас директоры Илон Маскты қолдау мақсатында электромобиль сатып алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Анадолы агенттігіне сілтеп.

Трамп Tesla көлігін Ақ үй ауласына айдап кіріп, Илон Маскпен бірге камера алдында суретке түскен. Президенттің айтуынша, ол әдетте көлік жүргізбейді. Алайда Маскты қолдайтынын көрсету үшін көлік сатып алған.

“Мен оны сатып аламын, өйткені бұл, ең алдымен, жақсы өнім. Екіншіден, ол өзінің күші мен өмірін осы салаға арнады, ал менің ойымша, оған әділетсіздік жасалып жатыр,” – деді Трамп.

Ол қызыл түсті көлікпен суретке түскен.

“Өкінішке қарай, мен көлік жүргізе алмаймын. Көлік басқармағаныма көп болды, бірақ бұл көлік Ақ үйде болады. Мен қызметкерлеріме оны пайдалануға рұқсат беремін,” – деді ол.

Осыған дейін 2 және 8 наурыз күндері АҚШ-тың бірнеше аймағында Tesla автосалондарының алдында наразылық акциялары өткен болатын. Кейбір дилерлік орталықтарда вандализм актілері орын алған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер