Белгісіз аң. Шығыс Қазақстанда жыртқыш қорадағы малды қырған

2568
Adyrna.kz Telegram
Фото: Аудан әкімдігінен
Фото: Аудан әкімдігінен

Шығыс Қазақстанда белгісіз жыртқыш қорадағы қойды қырып  кеткен, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Inbusiness.kz-ке сілтеп.

Шығыс Қазақстан Самар ауданында белгісіз жыртқыш бір үйдің қорадағы 15 қойын қырып кетті.

Аудан әкімдігі малға шапқан белгісіз жыртқыштың сілеусін болуы мүмкін деп болжауда. Аудан әкімінің орынбасары:

Белгісіз жыртқыш қораға есіктің түбін қазып кірген. Сілеусін шығар деп отырмыз. Себебі, қасқыр болса қойларды жарып кетер еді, ал бұл жыртқыш тек қанын ішіп кеткен. Жаралы қойлар да бауыздалды. Барлығы ауылдың мал өлексесін көмуге арналған орынға көміледі. Себебі жыртқыштың сілекейінде түрлі қауіпті аурулар болуы ықтимал. Қазіргі кезде ауылдық округ әкімдігі келтірілген шығынды есептеуде, – дейді.

Ал мал иесі қойларды қырған қасқырлар екеніне сенімді.

Таңертең қораға кіріп келсем, іші қан-жоса. Малдарымының біразы жерде қырылып жатыр. Шошып кеттім. Аңшылар ізді көрді. Ауылға кірген және шыққан ізіне дейін тапты. Олар қасқырлар дейді. Шамасы 3 бас жыртқыш болуы керек. Ішіндегі біреуінің ізі үлкен, ал екенуінікі кішкене. Соған қарағанда балалары ғой деймін. Алғашында сілеусін деп ойлағанбыз. Бірақ аңшылар сілеусін бір мезетте бұлай қыра алмайды дейді. Бұндай жағдай ауылда бірінші рет болып тұр, – дейді Көкжота ауылының тұрғыны.

Ауыл тұрғындары да өз балаларының қауіпсіздігінен алаңдайтынын айтты.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер