Қазақстандық қыздарға биылдан бастап қатерлі ісікке қарсы екпе салына бастайды

1896
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда 2024 жылдан бастап 11 жастан асқан қыздарға адам папилломавирусына қарсы екпе егіледі, деп хабарлайды "Адырна" порталы.

«Өткен жылы онкология бойынша үлкен бағдарлама қабылданды. Биылдан бастап қыз балаларды адам папилломавирусына қарсы вакцинациялау қолға алынады. 11 жастағы қыздар мен олардың ата-аналарына вакцинация ұсынылады, – деді денсаулық сақтау министрі Ажар Гиният үкімет отырысында.

Министр екпе ата-ананың келісімімен ғана жүргізілетінін түсіндірді. Вакцина мектептер мен егу емханаларында жасалады.

Ғиният бұл мәселе қыз балалар арасында өршіп тұрғандықтан, ұл балаларды егу мәселесі кейін қарастырылатынын атап өтті.

Әзірге балаларға қандай вакцина егілетіні белгісіз. Ғиният тек ең жақсы және дәлелденген вакцинаны таңдаймыз деп жауап берді.

Жатыр мойны обыры - жатыр мойнының эпителийінде пайда болатын қатерлі ісік. ҚК қазақстандық әйелдер арасында жиі кездесетін қатерлі ісік ауруларының бірі болып саналады. Дегенмен, бұл адам папилломалық вирусына (HPV) қарсы вакцинация арқылы алдын алуға болатын ісіктің жалғыз түрі.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Пікірлер