Қаржы мониторингі агенттігі бірқатар қылмыспен күресу үшін төрт жылға 68,3 млрд теңге сұрап отыр

1074
Adyrna.kz Telegram

Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) ақшаны жылыстатумен және басқа да бірқатар қылмыспен күресу үшін төрт жылға 68,3 млрд теңге сұрап отыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп. 

«Бюджеттік бағдарлама («Кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер, экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл») бойынша жалпы шығыстар : 2023 – 18 906 061; 2024 – 16 256 930; 2025 – 16 579 538; 2026 – 16 626 677», – делінген бюджеттік бағдарлама жобасында.

Сипаттамаға сәйкес, шығыстар кірістерді заңдастыруға  қарсы іс-қимылды және кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы  ҚМА, олардың аумақтық органдарының, техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын қызметкерлерінің қызметін қолдауға бағытталған. 

«Мақсат: кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға, экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру», - делінген құжатта.

Пікірлер