Қазақстанға келуші туристер саны артып келеді

1214
Adyrna.kz Telegram
Gov.kz
Gov.kz

Қазақстанға Қытайдан келген туристер ағыны 17 есеге артты. Бұған өзара визасыз режимге көшу және елдер арасында тікелей әуе қатынасының ашылуы ықпал етті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы 24KZ сайтына сілтеме жасап.

Туризм министрлігі биыл шетелдік қонақтардың саны бұдан да көп болады деп сенеді. Туристерді тарту үшін 500 миллион теңгеден астам қаржы бөлініп, туристік салық та алынып тасталды.

Елімізге Қытай азаматтарымен қатар Түркия, Үндістан және АҚШ азаматтары да жиі келуде. Сондай-ақ көршілес елдерден: Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінен туристер саны тұрақты түрде артып келеді.

“Қазақстан туристерді өзінің ландшафттарымен, мәдени байлығымен, мәдени мұрасымен қызықтырады. Шетелдіктер біздің басты қалаларымыз – Астана, Алматы, Шымкент, сондай-ақ Түркістан және Атырау облыстарына барғанды ​​жөн көреді. Трендтер табиғи туризм, экотуризм саласында. Туристердің өздері де осыған ерекше мән береді: «Олар ұлттық саябақтарда серуендеп, жорықтарға қатысқысы келеді», - дейді “Kazakh Tourism” ҰК” АҚ өкілі Әлішер Тұрсын.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер