Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы қызметкерлерге берілген сыйақы туралы айтты

1157
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басшысы Құрманбек Жұмағали орталық қызметкерлеріне не себепті сыйақы берілгенін түсіндірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол ешқандай заң бұзушылықтың жоқ екенін атап өтті.

«Жыл соңында қызметкерлер алғаш рет премия алды. Сыйақы 2-3 айлық мөлшерінде берілді. Рас. Иә, орталықта істейтін қызметкерлердің барлығы дерлік премия алды. Әрі сол сыйақыға әрқайсысы лайық деп айта аламын. Бұл жерде ешқандай заң бұзушылық жоқ. Басшы ретінде жауапкершілік менің мойнымда. Мен қайта әріптестерімнің Жаңа жыл қарсаңында осындай мүмкіндікке ие болғанына ризамын. Себебі жақындарын және өзін қуантып, басқа да қажеттіліктеріне жұмсай алды. Адал еңбек етті»,—деді Құрманбек Жұмағали.

Бұдан бөлек басшы айлық мәселесіне тоқталды.

«Ұлттық киноны қолдау орталығында орташа жалақы шамамен 350 мың теңге. Қазір бізде 10-нан астам вакансия бар. Келіп, жұмыс істеймін дейтіндер бар болса, білімі мен тәжірибесі, ынтасы мол азаматтарға есігіміз ашық. Конкурстан өтіп, жұмысқа орналасуға болады»,—деп толықтырды ол.

Еске салайық, бұған дейін журналист Михаил Козачков Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының бас есепшісі 3 күн жұмыс істеп, жаңа жылға орай екі сыйақы, яғни 875 000 теңге алғанын жазған еді.

Пікірлер