Бұрынғы мәдениет министрінен мәмілегер шыға ма?

1233
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/img_0685-960x500.jpeg?token=acd527fa88a73309a201205a8bc18794

Ресей президенті Владимир Путин Украинамен келіссөздер жүргізу үшін Ресей делегациясының құрамын бекітті. Бұл туралы 2025 жылдың 14 мамырында жарияланған ресми құжатта айтылған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы TRT-ге сілтеп.

Делегацияны Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский басқарады. Құрамда Ресейдің сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин, бас штабтың бас басқармасының бастығы Игорь Костюков және қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин бар.

Сарапшылар тобына түрлі мемлекеттік құрылымдардың жоғары лауазымды өкілдері кірді. Олардың қатарында Генштаб, президент әкімшілігі және сыртқы істер министрлігінің өкілдері бар.

2025 жылдың 15 мамырында таңертең Ресей делегациясы Түркияның Стамбул қаласындағы Ататүрік әуежайына қонды. Келіссөздер Долмабахче сарайында өтеді деп жоспарлануда.

Ал Ресей президенті Путин келіссөздерге қатыспайды. Осы жаңалықтан кейін АҚШ президенті Дональд

Трамп та жеке қатысудан бас тартты.

Украина тарапынан делегацияны президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермак басқарады. Сонымен қатар Украина президенті Владимир Зеленский де Түркияға келді. Ол бұған дейін келіссөзге тек Путинмен тікелей қатысуға дайын екенін мәлімдеген болатын. Алайда ол Киевтің кез келген форматтағы келіссөздерге ашық екенін атап өтті.

Украинаның сыртқы істер министрі Андрей Сибига Түркияның бейбіт процестегі рөлін ерекше атап өтті. Ол Түркия СІМ басшысы Хакан Фиданмен кездесуінде Анкараға алғыс айтып, Түркияның делдал ретіндегі белсенділігін жоғары бағалады.

«Қазіргі таңда әлемдік дипломатияның эпицентрі Түркияда. Бұл ел бейбіт процесте маңызды рөл атқарып отыр. Біз бұған ризамыз», – деді Сибига өзінің X (бұрынғы Twitter) парақшасында.

Комментарии