Батыс Қазақстан облысында болған жол апатынан 3 адам қаза тапқан

2059
Adyrna.kz Telegram
mgorod.kz
mgorod.kz

Батыс Қазақстан облысында жол апаты болып, салдарынан 12 адам зардап шегіп, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Мой город" сайтына сілтеме жасап.

"7 қаңтарда сағат 13.30-да Бәйтерек ауданы Янайкино ауылының маңындағы Орал-Атырау тас жолында Chevrolet Nexia және Toyota Ipsum автомобильдері соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші мен 1 жолаушы қаза тапты. Барлығы 12 адам зардап шекті, алтауы - балалар", - делінген хабарламада.

1956 және 1988 жылы туылған ер адамдар мен 1953 жылы туған әйелдің қаза тапқаны анықталды.

"Алты бала облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді. 14 жасар бала ауыр жағдайда реанимацияда. 17, 15, 10, 10, 3 жастағы қыздар травматология бөліміне жатқызылды. Ересектер облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. 18 жастағы қыз нейрохирургиялық бөлімге, 22 жастағы қыз хирургиялық бөлімге жатқызылды. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауырлық дәрежесі ретінде бағалайды. 34 жастағы әйел амбулаториялық емделуге жіберілді", - деді ведомстводан.

ҚР ҚК 345-бабы (Жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер